Василий Григорьевич Лазарев

Василий Григорьевич Лазарев (1928 жыл 23 ақпан, Алтай өлкесі, Кытманово ауданы, Порошино ауылы - 1990 жыл 31 желтоқсан, Мәскеу) - КСРО-ның ғарышкері, полковник, Кеңес Одағының Батыры (1973 жыл 2 қазан). 1956 жылдан КОКП мүшесі.

1952 жылы Саратов медицина институтының әскери-медицина факультетін, 1954 жылы Чугуев әскери-авиация училищесін бітірді. 1954-1966 жылдары нұсқаушы, соңынан сынаушы ұшқыш, ал одан кейін аға сынаушы ұшқыш-дәрігер болды. 1966 жылы ол ғарышкерлер тобына қабылданды. 1973 жылы 27-29 қыркүйекте «Союз-12» ғарыш кемесінің командирі ретінде О.Г.Макаровпен бірге ғарышқа ұшты. Ғарышта болған кезінде кеменің борт жүйелерін комплексті тексеру, жер бетінің жекелей аймақтарына спектрлік бақылау туралы т.б. зерттеулер жүргізді. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.[1]

  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

Copyright