Қайрау, шарықтау
Қайрау, шарықтау (Заточка) — құралдық материал түпкілікті механикалық қасиеттерге ие болған соң тиісті геометриялық параметрлер мен кескіш жиектердің жасалуын немесе қалпына келтірілуін қамтамасыз ету мақсатында кескіш құралдың алдыңғы, артқы және өтпелі беттерін өндеу процесі. Қайрау әмбебап және арнайы қайрағыш білдектерде қажақ-алмас құралдардың көмегімен, сонымен қатар өндеудің электрохимиялық және электрофизикалық әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жону арқылы өңдеудің өнімділігі, өңделген беттердің кедір-бұдырлығы және құралдың тұрақтылығы Қайрау сапасына байланысты болады. [1]
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
Copyright
- This page is based on the Wikipedia article Қайрау, шарықтау; it is used under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 Unported License (CC-BY-SA). You may redistribute it, verbatim or modified, providing that you comply with the terms of the CC-BY-SA.