Әлемдік қауымдастық

Әлемдік қауымдастық - жаһандану барысында қалыптасатын ғаламдық әлемдік жүйе. Ол жөнінде алғашқылардың бірі болып, АҚШ президенті А Р.Никсон 1969 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: "Бүкіл тарихи ғұмырымызда біз бірінші рет әлемдік қауымдастық бо- льш отырмыз", - деді. Ғаламдық деңгейдегі құбылыс ретінде әлемдік қауымдастыққа XX ғасырдың 80-ші жылдары баса назар аударыла бастады. Ғылыми әдебиеттерде "халықаралық қауымдастық", "ғаламдық қауымдастық", "әлемдік қауымдастық" ұғымдары әдетте қатар қолданылады. Халықаралық құқықта "халықаралық қауымдастық" ұғымы негізі мемлекет болып табылатын ғаламдық саяси жүйе ретінде анықталады, жүйе мемлекетаралық мазмұнға ие. "Халықаралық қауымдастық" ұғымы ғаламдық әлеуметтік-экономикалық жүйені білдіреді. Жаһандану мемлекеттік емес, үкіметтік емес элемент- терді енгізу арқылы халықаралық қаты- настар жүйесін түбегейлі өзгертеді. Бүл жүйеге дәстүрлі емес акторлар кіреді: халықаралық үкіметтік емес уйымдар, ТҰК, БАҚ, баламалы қозғалыстар (экологиялық, феминисток, кәсіби және т.б.).[1]

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3


Copyright